Тоқаев Үкіметтің жаңа құрамын жасақтады - "су жаңа" министрлер тізімі

Dalanews 18 қаң. 2021 12:02 1458

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қаулы Ақорда сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Тағайындалсын:

1. Әлихан Асханұлы Смайылов – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары;

2. Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

3. Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары;

4. Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;

5. Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы;

6. Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаев – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

7. Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

8. Аида Ғалымқызы Балаева – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;


9. Сапархан Кесікбайұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

10. Марат Бақытжанұлы Бекетаев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

11. Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

12. Алексей Владимирович Цой – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

13. Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

14. Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

15. Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

16. Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

17. Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі;

18. Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;

19. Әсет Арманұлы Ерғалиев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

20. Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

21. Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

22. Нұрлан Асқарұлы Ноғаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар