– Жуық арада, алдын ала тергеулер аяқталғаннан кейін, біз әлемдік қоғамдастық сотына елімізге қарсы жүргізілген террористік шабуыл дайындығы мен оны жүргізуге қатысты қосымша дәлелдер ұсынамыз. БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық ұйымдар қаскөйлердің, террористердің, қылмыскерлердің заңсыз әрекеттерінің толық әрі әділ тергелуіне мүдделі екеніне сенімдімін, – деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы асығыс тұжырым жасаудың қажеті жоқ екенін айтты. Тоқаев Қазақстан бұл қиын кезеңді жеңіп шығатынына сенгендерге алғыс білдірді.
– Қазақстан өзінің жаңа тарихындағы ең қиын кезеңді еңсереді деп о баста сенім артқандардың бәріне алғыс айтамын. Бұл, әсіресе, ҰҚШҰ-ға қатысты. ҰҚШҰ-ның Қазақстандағы бітімгерлік әлеуетін ықпалдаса отырып, барынша қауіпсіз, тиімді әрі қысқа мерзімге пайдаланатынымызға сенімдімін, – деді Тоқаев.