Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды

Тоқаев «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды
Елордада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXI Съезі өтіп жатыр. XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 



Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді.

Партияның кезектен тыс XXI Съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан «Nur Otan» партиясының төрағасы болып сайланды.

"Nur Otan» партиясына төрағалық ету – аса жауапты жұмыс. Осы міндетті атқаруды маған ұсынып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев