Президент Тоқаев Қазақстанда коронавирустан науқастың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
64 жастағы әйелдің өлімі коронавирустың қауіптілігін және карантинді сақтаудың маңыздылығын аңғарта алады. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Елорда мен Алматыда карантиндік шараларды күшейту, сонымен қатар Шымкентте шектеулер енгізу туралы шешім қабылданды, деп жазды Президент Twitter-де.
26 наурызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан алғашқы көз жұму фактісі тіркелгенін хабарлады.
Осы күні Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілді.
https://twitter.com/TokayevKZ/status/1243209300333428737
https://dalanews.kz/51827
https://dalanews.kz/51792