Тілеухан латын әліпбиіне қатысты қандай пікірде?

Dalanews 11 қыр. 2017 07:23 907

Бүгін Мәжілісте өтіп жатқан «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» парламенттік тыңдау кезінде ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бекболат Тілеухан өз пікірін білдірді.

«Шынында да дайындалдық, осы нәрсенің түбі болатыны әркімге белгілі болды. Және біз өзімізді дайындаған жоқпыз, уақыт дайындады. Қалта телефонымызға келген СМС хабарлар орыс тілінде келген информацияның өзі латиницамен келіп, солай дайындады. Осы күні соткасынан айырылған адам, соскасынан айырылған баладан бетер мына заманда шынында да кетіп жатқан ақпараттың барлығы латиница, өйткені әдеп солай ыңғайланып жатқан кезде туады. Осы уақыттан ерте бастасаң ерте болып кетер еді, енді кешіксек кеш болуы әбден ықтимал.
Алдымызда үлкен бір Әліпби реформасын жасауда, кеше қысынан айырылған түріктің реформасы бар, өз елінде өгей шыққан өзбектің реформасынан алатын үлгіміз бар, әңгімесі бұзылып қалған әзірбайжанның, түңлігі түріліп қалған түркіменнің жағдайы біздің басымызда да бар.  Ол қателікті жібермеуге бізде  толық мүмкіндік бар деп ойлаймыз.

Сондықтан да сөз ыңғайларыңыз немене дегенде, әліппе ауыстыру астана ауыстырғаннан қиын емес, әліппе ауыстыру жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға кілт бұрылғаннан қиын деп ойламаймын. 1929 жылы біздің қазақ арабикадан латиницаға бар болғаны екі-ақ жылдың ішінде ауысқан. Содан қиын емес. Ең бастысы ниет керек», - дейді Б. Тілеухан.

Дереккөз: Қамшы 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар