Қазақстанның мемлекеттік органдары мен дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен Таяу Шығыстан 9517 азамат қайтарылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, қазір Біріккен Араб Әмірліктерінен, Қатардан және Сауд Арабиясынан азаматтарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр.
"Сонымен қатар, Сыртқы істер министрлігі Бахрейн, Израиль, Иордания, Иран, Кувейт, Ливан және Оман елдерінен эвакуациялық іс-шараларды аяқтап жатыр. Өңірдегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіріп, отандастарымызбен тұрақты байланыста", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық оралғаны хабарланды.
