Тараз: Жолға бөлінген ақшаны жеп қойғандар 8 жылға сотталды

Нұрлан Жұмахан 12 ақп. 2024 11:15 2047

Тараз қаласы прокуратурасы коммуналдық салаға бөлінген бюджет қаражатының ұрланғандарды әшкере қылып, отқа жеткізді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қалалық прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Тараз қаласы әкімдігінің қарасты Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Зият Тұрсынұлы мен «АлматыМонтажСтрой» ЖШС директорының орынбасары Елнар Шлеев жол жөндеуге бөлінген 34,2 миллион теңгені қалтаға басқан.  

«Аталған факті бойынша Тараз қаласының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғап, оның тергеуін облыстық прокуратура жүргізуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді», – деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, Тараз қаласының №2 соты екі тұлғаны да ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен айыпты деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар