Талғарда жер сілкінісіне байланысты бүгін сабақтар өтпейді, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
"Талғар ауданы бойынша білім бөлімі бүгінгі күні жер сілкінісіне байланысты барлық білім беру ұйымында сабақ болмайтындығын және қашықтықтан оқыту жүргізілетінін хабарлайды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бүгін алматылықтар жер сілкінісін сезді.
Артынша ТЖМ мәлімдеме жасап, бүгінгі жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқанын хабарлады.
Алматыда 3 балл, Талғарда 4 балл, Есікте 4 балл, Түргенде 3 балл, Өтеген батырда 3 балл, Боралдайда 2 балл, Маловодныйда 2 балл, Ж.Қайыповта 2 балл, Алатауда (Жетіген) 2 балл, Қарасайда (Қаскелең) 2 балл болып сезілді.