Тағы бір әкімнің ұсталғаны жайында хабар тарауда

Dalanews 21 қаң. 2020 09:14 805

Әлеуеметтік желі мен мессенджерлерде Нұр-Сұлтан қаласындағы аудан әкімдерінің бірі ұсталғаны жайында хабар тарады, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде тараған хабарға сенсек, Нұр-Сұлтан қаласындағы Байқоңыр ауданы әкімі Асқар Есіловтың ұсталған болуы мүмкін. Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның баспасөз қызметі аталған жайтқа қатысты өздеріне ешқандай ақпарат келіп түспегенін алға тартты.


– Бізге қандайда бір ақпарат келіп түссе, дер кезінде хабарлайтын боламыз. Қазір дәл осы мәселеге қатысты ақпаратты өзіміз де күтіп отырмыз, – депті Ұлттық бюрроның баспасөз қызметі.

Өз кезегінде аудан әкімдігі де қандайда бір ақпарат беруден бас тартқан. Бірақ аудан әкімінің баспасөз қызметі Серік Әділбаев әкімдік қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқанын алға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар