Суданда ұшақ апатқа ұшырап, елуге жуық адам қаза тапты

Көркем Алдабергенова 26 ақп. 2025 17:12 292

Суданда әскери ұшақ апатқа ұшырап, кемінде 46 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Dalanews.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеп. 

Қайғылы оқиға 25 ақпанда Омдурман қаласына жақын маңда болған. “Антонов” әскери ұшағы апатқа ұшыраған. Салдарынан кемінде 46 адам қайтыс болған. Сонымен қатар, 10 адам зардап шеккен. 

Ұшақтың не себепті апатқа ұшырағаны әзірге белгісіз. Бұл туралы AP ресми дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. 

Қаза тапқандардың ішінде жоғары шенді шенеуніктер де, қарапайым адамдар да бар. Ұшақ тұрғын үйге соқтығысқандықтан қаза тапқандардың ішінде жерде жүргендер де болуы мүмкін. Қаладағы бірнеше үйге зақым келген. 

Қаза тапқандардың бірі – генерал-майор Бар Ахмед, ол бұрын Хартум гарнизонының бастығы лауазымын атқарған үкімет армиясының әскери басшысы.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар