Шымкентте төрт адам неден қайтыс болғаны айтылды

Көркем Алдабергенова 05 нау. 2026 15:55

Шымкентте үш пәтерден өлі табылған төрт адамның неден қайтыс болғаны айтылды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалының мәліметінше, оқиға орнына келгенде алдын ала болжам бойынша, қайғылы жайттан 2009, 2006, 2002 және 1994 жылдары туған төрт адам мерт болған. Олардың өліміне газдан иістенуі себеп болған.

Зерттеу барысында апат бригадасы уланудың ықтимал негізгі себебі тиісті рұқсатсыз өз бетінше орнатылған су жылытқыштың мұржасында тартымның болмауы екенін алдын ала анықтады. Желдету арнасы қарастырылмаған. Үй ішіндегі газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету туралы шарт, сондай-ақ түтін және желдету арналарына тексеру жүргізу актісі ұсынылмады.

Жазатайым оқиғаның нақты себептері сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша анықталады. Тиісті тергеу жүргізу үшін ақпарат жергілікті атқарушы органға жолданды.

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove