Шымкент жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы 3,5 жылға сотталды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бірінші сатыдағы сот Қоқанбаевты ақтаған еді. Ал оны Антикор мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға жәрдемдескені үшін ЖШС өкілінен 13 миллион теңге алған кезде ұстаған болатын.
"Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Шымкент қаласы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Мұхтар Қоқанбаевты лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, оған 3,5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады", - деп жазылған Шымкент қаласы бойынша Антикордың басшысы Дәурен Ерғариннің Facebook парақшасындағы ресми хабарламада.