Енді иммигранттар Қазақстан аумағында шекараны кесіп өткеннен бастап визасыз 30 күнге дейін ғана жүре алады. Осыған дейін 90 күнге дейін бола алатын. Жиынтығы – 180 күнтізбелік күннің 90 тәулігі.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтары Қазақстан аумағында 180 күннің ішінде 90 тәулік ғана бола алады.
Осылайша елде болу уақытын заңдастыру үшін шекарадан шығып, қайта кіруге рұқсат етілмейді. Жаңа ереже 26 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Ресейде былтыр күзде мобилизация жариялағалы бері әскер жасындағы азаматтардың көбі Қазақстанға өтті. ФСБ шекара қызметінің мәліметінше, былтыр үшінші тоқсанда Қазақстанға 1,3 миллион ресейлік өткен.