Шерзат ісі бойынша сот отырысы: онлайн-трансляция

Қаракөз Амантай 16 мам. 2025 10:14 292

Талдықорғанда Шерзат Болатты өлтіру дерегі бойынша  сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Бұған дейін сотта марқұмның анасы Гүлбара Бишембиева, әжесі Жұмабике Қадырова, әкесі Қаржаубай Нұрымов, сондай-ақ қылмысқа куә болған азаматтар өз түсініктемелерін берген. Сонымен қатар алдын ала тергеу барысында қайтыс болған нағашысы Нұрқанат Ғайыпбаевтың берген жауаптары да сот залында жария етілді.

Сотталушылар қатарынан Нұрбол мен Азамат Тоқтаубаевтар, сондай-ақ Дархан Әскентай өз жауаптарын берді.

Іс судья Ержан Жанұзақовтың бақылауында. Мемлекеттік айыптаушылар – Ержан Күракбаевпен Дана Сәрсенбай.

Жалпы, бұл іске байланысты тоғыз адам айыпталып отыр, олардың бірі – кәмелет жасына толмаған. Сотталушылардың ешқайсысы өз кінәсін толық мойындаған жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар