Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: полиция қылмыстық іс қозғады

Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: полиция қылмыстық іс қозғады
Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысының Полиция департаменті Шавкат Рахмоновтың әйелі мен ұлы зардап шеккен жол апатына қатысты видео жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

27 шілдеде сағат 08:50 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тасжолының 299-шақырымында Toyota Land Cruiser 200 маркалы көлігінің жүргізушісі Қарағанды облысынан Алматы қаласына қарай келе жатып, тізгінге ие бола алмай, жол апатына ұшыраған.

Жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді.

"Бұл дерекке қатысты соталды тергеу басталды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деп жазылған хабарламада.