Сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссия: "7 балдық жер сілкінісі күтілмейді"

Dalanews 23 қаң. 2024 03:35 975

Алматыда түнде болған жағдайға байланысты сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндерге болжам жасады, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық ахуалды бағалау жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырыстың қорытындысы бойынша алдағы күндері Алматы болжау полигонының аумағында магнитудасы 5,6, ал қарқындылығы 7 балл және одан жоғары балл болатын (MSK -64 – сейсмикалық шкаласы бойынша) күшті жер сілкіністері 70 пайыз ықтималдықпен күтілмейді", - деп жазылған хабарламада.


Сонымен қатар, таңғы 5.00-дегі ақпарат бойынша Қытай мен Қырғызстан шекарасында 23 қаңтарда 00.09-да магнитудасы 7 болған жер сілкінісінің афтершогы бәсеңдеп жатқаны айтылды.

Сурет: ©️ Tengrinews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар