Freedom Inside '26

"Сенбеңіздер": Ербаян Мұхтардың әкесі халыққа үндеу жасады

"Сенбеңіздер": Ербаян Мұхтардың әкесі халыққа үндеу жасады
ашық дереккөзден

Ербаян Мұхтардың әкесі Хамит Мұхтар видеоүндеу жариялап, көпшілікті әлеуметтік желіде тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Orda.kz таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта Ербаянның жақындары Астанадағы мәйітхана алдында жиналған. Олар марқұмның денесін алып кетуге келген.

Хамит Мұхтардың айтуынша, әзірге Ербаянның мәйіті ашылмаған. Қазір отбасы прокуратурадан қажетті құжаттарды күтіп отыр. Тиісті құжаттар дайын болғаннан кейін ғана марқұмның денесін мәйітханадан алып шығуға мүмкіндік болады.

Сондай-ақ Ербаян Мұхтардың әкесі ел арасында тарап жатқан түрлі қауесет пен расталмаған мәліметтерге сенбеуді сұрады.