Алғашқы көмек көрсетуге қажетті заттарды таң сәрісмен адамдар гуманитарлық көмек көрсету пунктіне азық-түлік, гигиеналық заттар, су, балаларға арналған киімдер әкеліп жатыр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді.
Семей қаласындағы гуманитарлық көмек көрсету пункті Жақия Шәйжүнісов көшесі, 138 үй, «Nur Otan» партиясы ғимаратында орналасқан.
Байланыс телефондары: 8 7222 360432, 8775 746 45 08.
24 маусым күні таңертең сағат 9.30 кезінде Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында өрт шығып, қоймадағы оқ-дәрі жарылды. Қорғаныс министрлігі оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.
Жарылыс салдарынан екі адамның қаза тапқаны мәлімделді.
31 адам медициналық мекемеге жеткізілген.