Марқұм сазгер Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу Айданқызы әлеуметтік желіде жұртшылыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол ақша жинап жатқандарға сенбеуді сұраған.
"Қадірменді халқым! Егер менің атымнан интервью фрагменттерін, суретімді пайдаланып, қор ашылып, ақша жинау мәселесі көтерілсе, ол жалған ақпарат екенін ескертемін. Мен Президентке үндеу жасадым, тергеудің объективті болуын, әділетті сот шешімін сұрадым, халқымнан қолдау сұрадым. Бірақ маған ақша жинауды немесе қор ашуды сұраған жоқпын. Сондықтан сақ болуларыңызды сұраймын!" - деді ол.
Бұған дейінгі жағдай
Еске салайық, жуырда өнер иесінің жұбайы көлемді сұхбат беріп, ұлының жұмбақ өлімі туралы айтты. Сонымен қатар, марқұм ұлының досы одан пәтерін босатуын талап етіп отырғанын жеткізді.
