Қызылордалық әйел Алматыға келіп, ұшты-күйлі жоғалып кеткен

Қызылордалық әйел Алматыға келіп, ұшты-күйлі жоғалып кеткен
instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда еріктілер екі аптадан бері із-түссіз жоғалған әйелді іздеп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еріктілердің мәліметіне сүйенсек, 1986 жылы туған Назым Жақышева 13 шілдеде сағат 13:30 шамасында Қызылорда қаласындағы үйінен шығып кеткен.

Келесі күні таңертең ол Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы Әшімов көшесі маңынан байқалған. Содан бері оның қайда екені белгісіз.

Жоғалған әйелдің бойы шамамен 165 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы қара әрі ұзын. Үстінде қызғылт түсті ұзын жеңді кофта, қара кофта, көк шалбар, қара балетка болған. Сондай-ақ, күннен қорғайтын көзілдірік таққан.