Құлсарыда көшенің қақ ортасында түйе таптап кеткен баланың жағдайы белгілі болды

Сағыныш Сардарова 29 қаз. 2025 12:43

Құлсарыда көшенің қақ ортасында түйе таптап кеткен баланың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жылыой ауданы әкімдігі мәліметінше, 26 қазанда Құлсары қаласының 3-шағынауданында жергілікті тұрғын иесіз жүрген түйе шабуылынан зардап шегіп, ауруханаға түскен.

"Оған тиісті медициналық көмек көрсетілді, науқас травматология бөлімінде емделіп жатыр", - деді әкімдік өкілі.

Жануар арнайы оқшауланған орынға қамалған. Малдың иесін анықтау жұмыстары көрші облыспен бірлесе жүргізіліп жатыр.

"Ветеринариялық инспекцияның мәліметінше, түйенің құлағындағы сырға Маңғыстау облысына тіркелген, ал жануардың өзі дерекқорда жоқ. Мамандар оны қарап, құтыру, тағы да басқа ауру белгілері анықталмағанын хабарлады", - деді әкімдік өкілі.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар