DALA INSIDE телеграм каналының хабарлауынша «Путиннің пулына» кіретін олигархтар уақыт өте Жаңа Қазақстанның экономикалық саясатына ықпал ете бастайды.
Мәселен, ресейлік «ЕуроХим» Жамбыл облысында минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт салмақ. Жобаға Батыстың санкциясына іліккен ресейлік миллиардер Андрей Мелнишенко «кураторалық» етеді.
Смайылов үкіметі мен олигархтың арасындағы уағда Мелнишенко санкцияға ұшырамай тұра жасалған. «ЕуроХим» екі кезеңнен тұратын жобаға жалпы құны 1 млрд доллар инвестиция құюға уәде еткен.
Кешеннің қабырғасын қалап алғасын, Мелнишенко Қаратаудың қойнауын қопара бастайды. Таудың түбін үңгіп алынатын фосфор, азот, калий секілді аса қат тыңайтқыштар қазақстандық аграрилерге бұйыра ма, жоқ па, мәселе сонда.
Ресейлік олигарх негізін қалаған компания елімізге ескі Қазақстанның тұсында енген. 2008 жылы «ЕуроХим» 15 жыл бойы тұралап тұрған «Сары Тас тыңайтқыштағы» мемлекеттің үлесін сатып алған.
Ал Жамбылдағы зауыт бойынша Смайылов үкіметі мен орыс олиграхының арасында қандай диалог жүргені белгісіз.
DALA INSIDE-қа жеткен мәлімет бойынша Мелнишенко қомақты инвестиция құюға бел буса, қазақ билігінің оған жасар "тартуы" дайын тұр. Ол қандай тарту?
ЖАЛҒАСЫ ОСЫ ЖЕРДЕ: https://t.me/dalainside/1449
https://dalanews.kz/news/92040-almatyda-uly-dala-koshpendiler-alem