Қостанай облысында маңызды автожол жөнделді

Асель Қайратқызы 05 қар. 2025 17:11

Қостанай облысында Қостанай — Әулиекөл — Сұрған автожолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды  Dalanews.kz. «ҚазАвтоЖол»-ға сілтеме жасап.

Аймақта республикалық маңызы бар Қостанай — Әулиекөл — Сұрған жолының орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жөндеу жұмыстары Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына қарай кететін жолдың 3-8 км және 83-96 км аралығында жүргізілді. Сондай-ақ Новонежинка ауылынан Аманқарағай ауылына дейінгі жолда жөндеу жұмыстары өткізілді. Жөнделген жолдың жалпы ұзындығы 17 километрді құрады.

«Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолы стратегиялық маңызға ие: ол облыс орталығын елдің астанасына апаратын магистральмен байланыстырып, жүк және жолаушы тасымалының қозғалысын қамтамасыз етеді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар