Қорғашан ортаны ластаған қарағандылық компанияға 55 млн теңге айыппұл салынды

Қорғашан ортаны ластаған қарағандылық компанияға 55 млн теңге айыппұл салынды
gov.kz

Қарағанды облысындағы ГРЭС-ке 55 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзғаны үшін «ГРЭС Топар» ЖШС-не 55 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Бұл туралы өңірлік табиғат қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Экологиялық жағдайға жүргізілген мониторинг барысында кәсіпорын тарапынан күл үйінділерінің бөліктерін кезең-кезеңімен құрғату және суару кезінде экологиялық талаптардың сақталмауы салдарынан ауаға шаң тарағаны анықталған.

Тексеру қорытындысы бойынша аталған станцияға 55 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.