Расында да қазір әлеуметтік желіде халықты мұнай мен газ сатып, мол пайдаға кенелуге болатына жайында жалған ақпарат желдей есуде.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Қазақстан азаматтарының қаржысын ешқандай инвестициялық жобаларға тартуға шақырмайтынын мәлімдеді. «Таратылып жатқан жалған жарнамалық ақпаратқа сенбеңіздер! Сақ болыңыздар!» деді ұлттық компания баспасыз қызметі.
«Қандай да бір әрекет жасар алдында ақпараттың растығын анықтап алыңыз. Еске саламыз, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы өз қызметі туралы барлық ақпаратты www.kmg.kz сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ғана жариялайды» деді компанияның баспасөз қызметі.