Қазгидромет бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел соғатынын болжады

Қазгидромет бүгін ел аумағында тұман түсіп, жел соғатынын болжады
Синоптиктердің мәліметінше,22 қаңтар, дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн бұзылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Өйткені, республиканың басым аймағы әлі де антициклонның ықпалында болады.

"Сондықтан жауын-шашын жаумайды.

Тек елдің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, көбіне қар жауады.

Көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады", - деп жазды Қазгидрометтен.


Мамандардың болжамына қарағанда, ел бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.