“Қазақтелеком” табиғи монополия саласындағы қызметі бойынша онлайн есеп өткізеді

Қаракөз Амантай 04 шіл. 2025 11:46

"Қазақтелеком" АҚ 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы табиғи монополия субъектісі ретіндегі қызметі туралы есеп береді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Атап айтқанда, кәбілдік кәрізді мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе пайдалануға беру қызметтері бойынша есеп беру жоспарланған.

Компанияның хабарлауынша, есеп 2025 жылғы 30 шілдеде сағат 12:00-де онлайн форматта өтеді. Іс-шара бейне-конференцияға арналған арнайы қосымша арқылы ұйымдастырылады.

Қатысу үшін сілтеме алу мақсатында байланыс операторлары мен мүдделі тұлғалар hambar.b@telecom.kz электрондық мекенжайына хабарласа алады.  


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар