Бұл күн сейсенбіге сәйкес келеді және демалыс күні болып есептеледі. Биыл демалыс күнін ауыстыру деген болмайды. 19 және 21 шілде - жұмыс күндері.
Алайда, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қазақстандықтар бұл күнді онлайн режимде атап өтуге мәжбүр болады.
Сол себепті де Нұр-Сұлтанда дәстүрлі түрде Құрбан айт күндері құрбандық шалынатын базарлар мен шаруа қожалықтарының жұмысы тоқтатылады. Алматыға малдың әкелінуіне жол бермес үшін қаланың кіре берістеріне бекеттер қойылады, делінген ҚМДБ сайтында.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының айтуынша, 20 шілде күні таңғы сағат 7-де қатаң санитарлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, "сары" және "жасыл" аймаққа енетін өңірлерде 10 минуттық Құрбан айт намазы оқылады.