Қазақстандықтар жоқ: СІМ Түркиядағы жағдай туралы

Сағыныш Сардарова 24 қаз. 2024 10:56 2628

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы теракттен зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында қазақстандықтар бар ма деген сауалға жауап берді,- деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан немесе зардап шеккен Қазақстан азаматтары жоқ.

Айта кетейік, кеше Түркияның астанасы Анкара қаласында түрік аэроғарыш компаниясы TUSAŞ зауытының орнында теракт болды. Бұл ақпаратты X желісіндегі парақшасында елдің ішкі істер министрі Али Ерликая растады.

Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар екені белгілі болды.

"Қайтыс болғандардың жақындарына көңіл айтамын және жараланғандардың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Оқиға туралы алдағы уақытта хабар береміз. Мәлімдемені ресми дереккөздерден қадағалауға кеңес береміз", - деп жазды Али Ерликая.

Түркиялық БАҚ мәліметінше, куәгерлер алдымен кәсіпорын қақпасында жарылыс дауысын естіген, содан кейін атыс басталған. Кем дегенде екі адам қайтыс болды деген ақпарат бар.

Қайғылы оқиғадан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айтты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар