Қазақстан Президенті Әкімшілігінің бірқатар қызметкерінің жұбайлары 2024 жылға арналған кірістер декларациясын жариялады. Құжатқа сәйкес, олардың табыстары миллиондаған теңгені құрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Атап айтқанда, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовтың жұбайы бір жыл ішінде 24,9 млн теңге табыс тапқанын көрсеткен. Президенттің көмекшісі Қуанышбек Есекеевтің жұбайы 48,3 млн теңге тапқан. Ал Президент кеңесшісі Алексей Цойдың жұбайы 1 млн теңге көлемінде табысын жариялаған. Мемлекеттік инспектор Батыржан Байжұмановтың жұбайы 2,6 млн теңге тапқаны көрсетілген.
Сонымен бірге ең жоғары табыс көлемі вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің жұбайы Сания Садықованың декларациясында тіркелген. Оның табысы 88,6 млн теңгеден асады.
