Қазақстандағы зейнетақы мөлшері белгілі болды

Сағыныш Сардарова 23 қаз. 2025 09:21

Қазақстандағы зейнетақы мөлшері белгілі болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 3,1 трлн теңгеден аса зейнетақы төленген. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 1 трлн 22,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 2 трлн 136 млрд теңге қарастырылды.

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 510 мың адам.

"Республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері - 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 142 810 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері - 95 249 теңге, базалық зейнетақы - 47 561 теңге", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар