Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері қандай?

Сағыныш Сардарова 22 там. 2025 09:29

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 451,4 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 793 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 трлн 658,4 млрд теңге қарастырылған.

2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 497 мың адам.

"2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 097 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 95 491 теңге, базалық зейнетақы – 47 606 теңге", - деп жазылған хабарламада.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар