Қазақстандағы атаулы әлеуметтік көмек көрсеткіші: қай өңірлер көш бастап тұр

Қаракөз Амантай 29 сәу. 2026 15:08

2025 жылы Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен жәрдемақы көлемі өңірлер бойынша айтарлықтай айырмашылық көрсеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Орта есеппен алғанда, ел бойынша бір адамға шаққандағы атаулы әлеуметтік көмек жылына 489 теңгені құраған. Ең жоғары көрсеткіш Алматы облысында тіркелді (3162 теңге). Одан кейін Жетісу облысы (1191 теңге), Павлодар облысы (1104 теңге), Шымкент қаласы (869 теңге) және Астана қаласы (794 теңге) көш бастап тұр.

Ал тоғыз өңірде атаулы әлеуметтік көмек көлемі бір адамға шаққанда нөлге жуық деңгейде қалып отыр.

Жәрдемақыларға келсек, ел бойынша орташа көрсеткіш жылына 50 991 теңгені құраған. Бұл бағытта Ұлытау облысы алда – 85 339 теңге. Сондай-ақ Қарағанды (79 487 теңге), Маңғыстау (71 999 теңге), Қызылорда (70 601 теңге) және Ақтөбе (62 945 теңге) облыстары жоғары көрсеткіш көрсеткен.

Ең төмен жәрдемақы көлемі Алматы қаласында (35 441 теңге) және Алматы облысында (30 392 теңге) тіркелген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove