Қазақстанда ұлттық валюта атауының жазылуына өзгеріс енгізілмек

Қазақстанда ұлттық валюта атауының жазылуына өзгеріс енгізілмек
Фото: stan.kz

Қазақстанда ұлттық валюта атауының жазылуына қатысты өзгерістер ұсынылды. Тиісті құжат 5 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚ" порталында жарияланды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ұлттық банк валюталық реттеу, сыртқы сектор статистикасы және бухгалтерлік есепке қатысты бірқатар қаулыға түзету енгізуді жоспарлап отыр.

Жобаға сәйкес, құжаттардағы кейбір терминдер ҚР Конституциясы мен Цифрлық кодекс талаптарына сәйкестендірілмек. Атап айтқанда, "теңге", "шетелдік" секілді атаулардың жазылуы жаңартылып, "ақпараттық жүйелер" тіркесі "цифрлық жүйелер" ұғымымен алмастырылады. Сонымен қатар бірқатар редакциялық өзгерістер де қарастырылған.

Ұсынылып отырған түзетулер 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуі мүмкін. Ал Цифрлық кодекске қатысты нормалар 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.