Қазақстанда «Назарбаев» орденінің заңда жеке белгіленген ерекше мәртебесі жойылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер енгізетін құжатқа қол қойды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес, орденнің ерекше құқықтық мәртебесін бекіткен заңның 12-1-бабы толығымен алынып тасталды. Бұған дейін бұл бапта награданың құқықтық мәртебесі мен ерекшеліктері жеке қарастырылған.
Енді орденнің сипаттамасы заңның 13-3-бабына көшіріліп, басқа мемлекеттік наградалармен бір қатарда қарастырылады.
Сонымен бірге «Назарбаев» ордені мемлекеттік наградалар тізімінен шығарылған жоқ. Яғни, ол мемлекеттік награда мәртебесін сақтап қалды, тек заңдағы ерекше құқықтық мәртебесі жойылды.