Қазақстанда жарияланған бос жұмыс орындарының 30-40%-ына қызметкер табылмай отыр. Осыған байланысты жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін тартуға мәжбүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, Қазақстанға жыл сайын шамамен 300 мың шетелдік еңбек мигранты келеді.
«Жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 845 мың бос жұмыс орны туралы өтінім жариялады. Оның 432 мыңы жұмысшы мамандықтарына қатысты. Жалпы алғанда, азаматтардың 60-70%-ы осы портал арқылы жұмысқа орналасады. Алайда бос жұмыс орындарының 30-40%-ына қызметкерлер табылмайды. Сондықтан жұмыс берушілер уақытша шетелдік жұмыс күшін тартуға мәжбүр», – деді Ертаев Премьер-Министрдің еңбек нарығындағы жағдайға қатысты сұрағына жауап бере отырып.
Министрлік мәліметінше, елде әсіресе жұмысшы мамандықтарына сұраныс жоғары болып отыр. Маман тапшылығын өтеу үшін кәсіпорындар шетелдік қызметкерлерді уақытша жұмысқа қабылдауда.