Freedom Inside '26

Қазақстанда ақылы автожолдардың саны көбеймек

Қазақстанда ақылы автожолдардың саны көбеймек
РИА Новости

Қазақстанда ақылы автожолдардың саны артады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұл бастама жол желісін ұзақ мерзім бойы талапқа сай күйде ұстау, жөндеу мен күтіп-ұстауға арналған тұрақты қаржыландыру тетігін қалыптастыру, сондай-ақ республикалық бюджетке түсетін салмақты азайту мақсатында қолға алынып отыр.

Алдағы уақытта ақылы жүйе енгізілуі мүмкін негізгі автожол учаскелері мыналар:

  • Қарағанды – Балқаш бағыты
  • Бұрылбайтал – Күрті аралығы
  • Ақтөбе – Қандыағаш автожолы
  • Талдықорған – Өскемен бағыты
  • Атырау – Астрахань жолы
  • Меркі – Шу учаскесі