Қазақстан халқының саны 20,4 млн адамға жетті

Көркем Алдабергенова 05 қаң. 2026 16:52

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан халқының саны 20 478 879 адамға жеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Халық санының өсімі

Жыл басынан бері ел халқы 195 480 адамға артқан. Ең көп қоныстанған қалалар өзгеріссіз қалып отыр:

Алматы – 2 345 012 адам,

Астана – 1 630 640 адам.

Ал өңірлер арасында халық саны ең көп облыстар:

Түркістан облысы – 2 148 168 адам,

Алматы облысы – 1 592 652 адам.

Қала мен ауылдағы жағдай

Жалпы қала халқының саны 239 949 адамға өсіп, 13 013 064 адамға жеткен. Ал ауыл тұрғындарының саны, керісінше, 44 469 адамға азайып, қазір 7 465 815 адамды құрап отыр.

Халқы ең аз өңірлер

Елдегі ең аз қоныстанған өңірлер қатарында:

Ұлытау облысы – 219 200 адам,

Солтүстік Қазақстан облысы – 514 732 адам бар.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар