Freedom Inside '26

Қазақстан мен Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін

Қазақстан мен Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін
Dalanews.kz

Қазақстан мен Ресей шекарасында кептеліс болуы мүмкін, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

19–29 мамыр аралығында Ресейден Қазақстанға өтетін "Маштаково" шекаралық бақылау бекетінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, бұл кезеңде инспекциялық-тексеру кешенінің іргетасы қалпына келтіріледі.

19 мамырдан 30 қарашаға дейін екіжақты "Теплое" өткізу пунктінде жол жабыны жөнделмек. Дегенмен бұл екі бақылау-өткізу бекеті қалыпты режимде жұмысын жалғастырады, жұмыс кестесінде өзгеріс болмайды.

Департамент өкілдері жөндеу жұмыстары кезінде "Сырым" және "Тасқала" бекеттері маңында көлік кептелісі мен кідірістер болуы мүмкін екенін ескертті.