Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ТЖМ жедел штабы 1 наурыздан бастап гидрологиялық жағдай мен су тасқыны қаупі бар аумақтардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізе отырып, тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын баяндады.
Қазақстан бойынша су тасқыны болуы мүмкін 1242 елді мекен анықталған.
"Су тасқыны кезінде төтенше жағдайларды жою, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін республикалық, өңірлік топтар құрылды. Сондай-ақ, 18 мыңнан аса техника мен арнайы құрал дайындалды. Барлық қызмет жоғары жауынгерлік дайындық режиміне келтірілді. Ахуал күрделенген жағдайда қажет шешімдер дереу қабылданады", - деді министр.
