Қарашада Қазақстан АҚШ-қа әуе рейстерін орындауға рұқсат алуы мүмкін, деп хабарлайды dalanews.kz.
Қыркүйекте FAA IASA сарапшылары келеді деп жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстанның Авиациялық әкімшілігінің басшысы Майкл Дэниел мәлімдеді.
Мамандар ұлттық заңнама мен қадағалау тәжірибесі халықаралық стандарттарға қаншалық сәйкес екенін бағалайды. Осыған байланысты Азаматтық авиация комитеті ішкі бақылауды күшейтіп жатыр: ведомствоның қадағалауында 104 эксплуатант, 973 әуе кемесі және 25 сертификатталған әуежай бар.
Былтыр және биыл бірінші тоқсанда 1,2 мыңнан аса тексеріс жүргізілген. Тексеріс қорытындысы бойынша заңбұзушылықтар үшін 7 әуе компаниясының, 4 оқу орталығының және 2 сервистік ұйымның қызметі уақытша тоқтатылды немесе толық тоқтатылған.
"Негізгі мақсатымыз - 2026 жылы қарашада FAA CAT 1 мәртебесін алу", - деді Майкл Дэниел.
Еске салайық, бұған дейін Токиоға тікелей рейс биыл төртінші тоқсанда іске қосылатыны, АҚШ-пен тікелей әуе қатынасы келесі жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отырғаны хабарланды.