"Қайрат"-"Реал" матчіне билет сатылымы басталды, ал кезекте 100 мыңнан аса адам тұр, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Санаулы минутта сайттарда ұзан сонар кезек пайда болды. Алматыдағы стадион шамамен 23 000 адамға арналған. Ал кезекте 100 мыңнан аса адам тұр.
Бір адамға 2 билеттен артық берілмейді. ЖСН және төлқұжат деректері көрсетілуі керек. Бұл деректер стадионға кірген кезде де тексеріледі. Ал билет бағасы 30 мың мен 250 мың теңге аралығында.