Алдағы уақытта «Қауын Fest» фестивальін немістердің "Октоберфест", татарлардың Сабан тойы секілдіді биік дәрежеге көтеруге болады. Потенциалы бар жоба. Туризмді дамытуға да сұранып тұр.
Осындай жобалар ұлтты ұйыстырып, мемлекетті нығайта түседі.
Әлеуметтік желіде жарияланған фотоларды тамашалап отырып, «Қауын Fest-тің» жаны мен рухы бар жоба екенін байқадым.
Осыдай жоба қарапайым халықты еңбекке баулып, тұрмысын түзеуге ықпал етері анық.
Германияда қыркүйектің басында басталып, қазанның басында мәресіне «Октоберфест» сыра фестивальіне бір жылда әлем бойынша 8 миллионнан астам адам жиналады екен.
Міне, көрдіңіз бе? Жаны, рухы бар жобалар осындай өміршең, халық үшін пайдалы болады.
Алдағы уақытта «Қауын Fest» жобасы барша қазақтың басын қосатын айтулы жоба болуға сұранып тұр.
Ендігі жылы Түркістан облысының әкімдігі барша Қазақстанға сауын айтып, шақырса, біраз қазақ Жетісайды балдай тәтті қауын-қарбызын жеу үшін жолға шығатына сенімдімін.
«Қауын Fest-тің» ауқымы кеңейіп, халықтық жобаға айналуына тілектеспіз!
Нұрлан ЖҰМАХАН, журналист.