Шыңжаң, Ілей аймағы Мұңғұлкүре ауданындағы қазақтар «Қар-мұз саяхат мерекесінде» қазақтың қыз ұзату салтын көпке көрсетті. Бұл туралы kazak.ts.cn сайтына сілтеме жасап The qazaq times жазды.
Тойда, аужар, жар-жар, сыңсыма айтылып, ұзатылған қыз босағасын қимай аттанды. Келінді ежелгі дәстүр бойынша атпен, құда-құдағиларды ат шанамен алып жүрді. Келін барған жерде беташар болып, жеңгелері отқа май тастап, байырғы қазақ ырымын жасады. Алыс-жуықтан келген саяхатшылар ұлттық дәстүрді тамашалап, көзайым болды.