Салтанат Бегімбайқызының сөзінше, қазір ЖПП қызметкерлері барлық бейне түсірілімдерді қарап шығып, ондағы көліктердің кімге тиесілі екенін анықтауда. Сондай-ақ бейнежазбадағы тікұшақ та полицейлердің басты назарына алынған.
Әуе кемесінің тым төмен әрі көліктерге жақын ұшуы қаншалықты тиісті талаптарға сай келетіні тексерілетін болады.
Ал, әзірге тікұшақтың кортеджбен бірге жүруі барлық әлеуметтік желілерді шулатып жатыр. Бейнежазбаға қарағанда, Bentley, Lexus және Land Cruiser көліктерін жалдаған той иесі бай, ауқатты болуы мүмкін. Сондықтан тәртіп сақшыларына оларды табу аса қиынға соға қоймас.
https://dalanews.kz/29149