Польшада жоғалып кеткен қазақстандық әйел өлі табылды: СІМ не дейді?

Сағыныш Сардарова 13 нау. 2026 10:51

Сыртқы істер министрлігі Польша аумағында Қазақстан азаматы Екатерина Шилова қаза тапқаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қаза тапқан азаматтың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның туған-туыстарымен, сондай-ақ, Польша тарапының құзыретті органдарымен байланыста және консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті Отанына репатриациялауда көмектесіп жатыр", - деп жазылған министрлік хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан азаматы Екатерина Шилова Варшавада өлі табылғаны хабарланды. Алдын ала мәліметке сәйкес әйел адам кісі қолынан қаза тапқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove