Петропавлда 36 жастағы ер адам Instagram желісіндегі пікірлерге бола екі жасөспірімге пышақпен шабуыл жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Тергеу мәліметінше, ер адам ит үйретуге қатысты видеоларының астына жазылған жағымсыз пікірлерді ауладағы мектеп оқушылары қалдырды деп ойлаған.
Жасөспірімдердің қатысы болмаған
Кейін шабуылға ұшыраған жасөспірімдердің жазылған пікірлерге еш қатысы болмағаны анықталды. Сондай-ақ олар ер адаммен мүлде таныс болмаған.
Оқиға әлеуметтік желідегі жанжалдан кейін өрбіген.
Сот 5 жылға бас бостандығынан айырды
Сот ер адамның әрекетін денсаулыққа зиян келтіруге арнайы бейімделген затты қолдану арқылы жасалған бұзақылық деп бағалады.
Нәтижесінде айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылды.