Петропавлда белгісіз сұйықтықтан уланған екі ер адам қайтыс болып, тағы біреуі ауыр хәлде жатыр. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Марқұмдар 48 және 52 жаста болған, ал ауруханаға жеткізілген үшінші ер адам 75 жаста.
Алдын ала мәлімет бойынша ер адамдар қоқыс контейнерінен бөтелке тауып алып, ішіндегі белгісіз сұйықтықты ішіп қойған болуы мүмкін. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.