Павлодар облысындағы кеніште жұмысшы қаза тапты

Павлодар облысындағы кеніште жұмысшы қаза тапты
Фото: pixabay

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы "Майкүбі Вест" АҚ аумағында бұрғылау-жару жұмыстары кезінде қайғылы оқиға болды. Салдарынан кен шебері көз жұмды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Өңірлік Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, оқиға 24 шілдеде болған. Алдын ала деректерге сәйкес, 1984 жылы туған кен шебері бұрғылау-жару жұмыстары барысында ауыр жарақат алып, оқиға орнында қаза тапқан.

Қазір аталған факті бойынша арнайы тергеу басталды. Мамандар оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.