АҚШ-тың әлемдегі діни бостандық жөніндегі комиссия (USCIRF) жыл сайынғы есебін жариялады. Онда Өзбекстанды "қатты алаңдататын елдер" қатарына жатқызған. Құжатта елде діни себеппен 13 мыңға жуық адамның сотталғаны, олардың көбі түрмеде зорлық-зомбылық көретіні айтылған.
Баяндамаға сәйкес, 84 діни себеппен сотталушы бір адамдық камерада отырады. 2015 жылы Ресейден, Түркиядан, Еуропадан және АҚШ-тан оралған еңбек мигранттары "Ислам мемлекеті" террористік ұйымына мүше деген күдікпен жаппай тұтқындалғаны айтылады. Олардың 200-ге жуығының тағдырлары әлі күнге дейін белгісіз.
Халықаралық комитет жасаған есепте ұсталғандардың экстремистік ұйымдарға мүше екендігі жөнінде дәлел жоқ деп атап өткен.
"Өзбек үкіметінің мәлімдемесіне қарамастан, түрмелерде, милиция учаскелерінде зорлық-зомбылық қолданылады", - делінген есепте.
Құжат авторлары АҚШ билігінен өзбек үкіметімен халықаралық міндеттемелерін орындау жөнінде келісімге отыруын сұрайды. Егер орындамаған жағдайда Өзбекстанға санкция енгізу керек деп есептейді. Олар сонымен АҚШ Мемлекеттік департаментіне Өзбекстанды "қатты алаңдататын елдер қатарына" енгізуді ұсынды.